“2017 жылдан бері теміржол өткелдерін күзетіп келеміз. Орал – Нұр-Сұлтан бағытындағы “Тальго” жүрдек пойызы біздің теміржолмен өтеді. Биыл 13 мамырдан бастап өткел күзетін ұстаудың тиімсіздігіне байланысты бізді қысқартып жатыр. Осы мәселеге араласуыңызды сұраймыз, өйткені басшылық бұл әрекет адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін түсінбейді. Теміржол өткелдерінен күнделікті көліктер мен малдар өтеді”, – дейді Шыңғырлау кентінің теміржол қызметкерлері. Аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев бұл мәлімдеме бойынша жиын өткізгенін түсіндірді. Сонымен қатар, ҚТЖ қызметкерлері мен басшылығының бірлескен кездесуі жоспарланған. Бисембаев қызметкерлер қысқартылмайтынын, бірақ оларға балама жұмыс ұсынылуы мүмкін екенін айтты.