Облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің өзгеріс енгізілген жаңа қаулысына сәйкес, 9 сәуірден бастап тұрғындар түнгі 00.00-ден таңғы 06.00-ге дейін сыртқа шығуына болмайды. Қаулыдағы бұл тыйымның дәрігерлер мен құтқарушылар, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысы жоқ. Шұғыл медициналық мекеме, дәріханаға жеке автокөлікпен баратындар, түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер 109 телефонына хабарласуы немесе сайтта тіркелуі қажет.