АҚШ Ресейдің өзін-өзі жариялаған Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық республикасына қатысты жүргізілген референдумын мойындамай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Құрама Штаттар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне аталмыш мәселе бойынша резолюция қабылдауды ұсынды. Бұл туралы алпауыт елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас Гринфилд мәлімдеді. Албания билігі де бұл құжатты қолдауға дайын. Естеріңізге сала кетейік, таяуда өзін-өзі жариялаған екі республика мен Запорожье және Херсон облыстарының әскери-азаматтық әкімшіліктері Ресейге кіру туралы референдум өткізуге шешім қабылдады. Дауыс беру қыркүйектің 23-27 аралығында өткізілді. Сайлауға 40 елден, соның ішінде Еуропа елдерінен жүзден астам халықаралық байқаушылар шақырылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, барлық аймақтарда дауыс берушілердің басым көпшілігі Ресейге кіруді жақтаған.