Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бас прокуратура Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар пайдалы қазба кен орындарын берудің заңдылығын бұзған деген күдік бар. Барлау сылтауымен аукцион өткізбестен, пайдалы қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз бергені анықталды. Іс-әрекеттерін жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесіне әрекет ете отырып жасаған. Кен орындарын сату бойынша аукциондар өткізілмегендіктен, мемлекет, ондаған миллиард теңге қаражаттан қағылып отыр. Сот санкциясымен Тоқтабаевтың және оның жақын туыстарының элиталық жеке үйлері, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz, екі BMW X5, Бугатти көлігі тәркіленді. Тергеу жұмыстары жалғасуда.