Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов сотталды

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты осындай үкім шығарды. Оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Іс “Құпия” қаралды. Сол себепті сот нақтырақ ақпарат бере алмады.