Бағдат Мусин “Қазақтелеком” АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды. “Самұрық-Қазына” АҚ баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Айта кетейік , сәуірдің 30-ы Президент Бағдат Мусинді цифрлық даму министрі қызметінен босатқан еді. Экс министр еңбек жолын 2004 жылы “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері болып бастап, кейін бөлім басшысы, директордың орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып жұмыс істеген. (2021 жылғы 18 қаңтарда қайта тағайындалған еді).