БАӘ-де алкоголь ішуге рұқсат етілді

БАӘ-де алкоголь ішуге рұқсат етілді. Одан бөлек, некесі қиылмаған жұптарға бірге тұруға болады. Бұл туралы National басылымы хабарлайды. Сенбіде БАӘ президенті Халифа бен Зейд Әл Нахайян қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер енгізуді бекітті. Аталған нормалар күшіне енгеннен кейін БАӘ-де алкоголь ішу қылмыс болып есептелмейді. Енді 21 жастан асқан азаматтарға жеке немесе белгілі бір қоғамдық орындарда алкоголь ішуге болады. Бұған дейін БАӘ-де мұсылман емес, жасы 21-ден асқан туристер мен шетел азаматтарына ғана алкоголь ішуге және сатып алуға рұқсат етілетін.