Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасарының мерзімінен бұрын босатылғаны туралы ақпарды оның бауыры Ерхан Майлыбаев растады.
“Сот үкімі заңды күшіне енді. Қазір ол Нұр-Сұлтан қаласында.Жағдайы жақсы” деді Ерхан Майлыбаев.
Бағлан Майлыбаев қызметінен 2017 жылы 12 қаңтарда босатылып, 16 қаңтарда ұсталған болатын. Ол Қылмыстық кодекстің “Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану” және “Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету” баптары бойынша айыпты деп танылған еді.
Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. Мүлкі тәркіленді. Оған өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы кесілді.