Бақытжан Сағынтаев: Жағдай бақылаудан шықса ғана Алматы карантинге жабылуы мүмкін
Шаһар басшысының айтуынша, қазір қаладағы эпидемиологиялық жағдай жақсы. “Қаланың жабылып, жабылмауы ауруханаға түскен науқастардың санына байланысты. Науқастар көп болған жағдайда біз “сары” аймаққа өтеміз. Қазір біз “жасыл” аймақтамыз. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай екенімізді көрсетеді. Егер күн сайын дерт жұқтырғандар саны көп болса, қатаң шаралар қабылданады”, – деді Сағынтаев.