Байден федералды айыптар бойынша өлім жазасына кесілгендерге рақымшылық жасады

Байден федералды айыптар бойынша өлім жазасына кесілгендерге рақымшылық жасады. Президент қырық тұтқынның басым көпшілігінің жазасын жеңілдетті. Енді олар өмір бойы түрмеде отырады, бірақ оларға мерзімінен бұрын босату құқығы берілмейді. Дональд Трамп қаңтарда президенттік қызметіне кіріскенде бұл шешімінің күшін жоя алмайды, деп хабарлайды ВВС арнасы. Бұған дейін Байден екі қылмыстық іс бойынша сотталған және үкімді күтіп отырған ұлы Хантерге де рақымшылық жасады.