Байден Конгрестен Украинаға тағы $24 млрд қаражат бөлуді сұрады
АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Украинаға қару-жарақ тасымалдауды қаржыландыру үшін және қорғаныс министрлігінің қоймаларын толтыру үшін Конгрестен қосымша 24 млрд доллар қаражат сұрады. Бұл жөнінде Politico басылымы жазды.
Ақ үйдің бюджет басқармасы бұл сұранысты желтоқсанда Конгресс мақұлдауы керек үкіметтің қосымша шығыны туралы тізімге енгізбек.
Конгресс аппаратының екі қызметкері мұндай өтініш дүйсенбі күні жолданғанын растап, алайда әзірге талқыланбағанын және ресми түрде жарияланбағанын да айтқан. Байден және әкімшілік өкілдері бұған дейін Украинаға қосымша қаражат бөлу жөнінде сұрау салатынын айтпаған. Алайда қазіргі әкімшілік өкілдері Дональд Трамптың 20 қаңтар күнгі инаугурациясына дейін Украинаның позициясын нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысатынын мәлімдеген.