Балабақшаларды лицензиялау туралы маңызды норма қабылданды

Балабақшаларды лицензиялау туралы маңызды норма қабылданды. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов лицензиялау – бұл жауапкершілік пен бірыңғай талаптарға сәйкестік екенін атап өтті. «Бұл талаптар мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар үшін бірдей болады. Бұл – балалардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етудегі үлкен қадам. Маңыздысы – лицензиялау балабақшалардың санын қысқартпайды. Себебі, мемлекет жұмыс істеп тұрған мекемелерді сақтап қалуға мүдделі», – деді депутат.