Балалар вакциналары туралы бірыңғай ресми ресурс іске қосылды. Сайтта балалардың жоспарлы вакцинациясы туралы ресми ақпарат пен медициналық зерттеулердің нәтижелері жинақталған. Бірнеше ай бойы MedSupport дәрігерлері мен ғалымдар тобы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп қажетті деректерді іріктеп, ата-аналар мен Қазақстандағы иммундау тақырыбына қызығушылық танытатын адамдар үшін EGU.KZ сайтының құрылымы, интерфейсі және контентін барынша қолайлы ету бойынша жұмыс істеді. Ақпараттық ресурста Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген әрбір вакцинаның толық сипаттамасы бар. Сайтта вакцина қорғайтын инфекциялар, қарсы көрсетілімдер мен ықтимал жанама әсерлер туралы материалдар бар.