Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін.

Мұндай ұсынысты БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен айтты. Оның пікірінше, балалар арасындағы және оларға үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты әлеуметтік норманы өзгерткен жөн. «Дене жарақатын салуға заңмен тыйым салу – өте маңызды. Бүгінде 65 мемлекетте бұл заң күшіне енді. Тағы 27 ел бұл заңға қосылуды жоспарлап отыр», – деді БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен.