Бұл туралы губернатор Ваян Костер мәлімдеді. Бұдан былай бұл көлік түрі шетелдіктер үшін қолжетімді болмайды. Ваян Костердің айтуынша, өліммен аяқталған аралда бірқатар апат тіркелді. Жол-көлік оқиғасы туристердің көлікті абайсыз басқаруы салдарынан болған. Жаңа тыйымды бұзғаны үшін туристер визадан айырылуы мүмкін. Арал билігі шетелдіктерге туристік қызмет дайындаған және барлық стандартқа сай көлік түрлерін ғана пайдалануды ұсынды. Олардың пікірінше, бұл сапалы және қауіпсіз демалысты қамтамасыз етеді.