Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында үндеу жасады

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында үндеу жасады. “Еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Барша кәсіпкерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін”, – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Биыл Құрбан айт 20-22 шілдеге түсіп тұр. Қазақстандықтар ұлық мерекенің бірінші күні 20 шілде де демалады.