Бас прокуратура Владислав Челахтың ісін қайта қарауы мүмкін

Бас прокуратура өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың ісін қайта қарауға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24». Осыдан бірнеше күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында сотталған азамат қайғылы оқиғаның толық көрінісін ашуға ниетті екені айтылып, тергеуді қайта жүргізуді сұрағаны жайлы ақпарат шыққан еді. Енді құзырлы орган өтініш түскенін растап, тергеуді қайта жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Владислав Челах осыдан 10 жыл бұрынғы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.