Бас прокуратура қыз алып қашу жөнінде мәлімдеме жасады. Некеге мәжбүрлеу – адам құқығын өрескел бұзу. Бас прокуратура өкілдері Қылмыстық кодекстің жаңа 125-бабы тәжірбиеге енгізілетінін айтты. Бұл бапта 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. “Неке екі адамның еркін және саналы келісімімен құрылуға тиіс. Келісімсіз қыз алып қашу дәстүр емес, қылмыс екенін ескертеміз”, – делінген прокуратура хабарламасында.