Басы дауға қалған Алматы облысының бас санитария дәрігері халықтан кешірім сұрады. Ерғали Сыдыманов не себепті халықпен дөрекі сөйлескенін түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ол жерде шын мәнісінде қарапайым тілмен түсіндіргім келді.
Соны басқа жағынан бұрмалап жіберген екен. Егер шын мәнісінде сырттай солай көрініп тұрған болса, мен халқымнан, елімнен кешірім сұраймын. Бірақ ол жерде балағаттайтындай, біреудің ар-намысына тиетіндей әңгіме болған жоқ». Кәсіпкерлерге «басымды қатырмашы» деген бас санитария дәрігерінің тағдыры қалай болатынына енді тиісті органдар бас қатыратын болады.