Кәсіпқой боксшы Астанадағы оқиғаға қатысты TengriSport сайтына сұхбат берді. 39 жастағы спортшы оқиға балалардың келіспей қалуынан және әкесінің дөрекі жауап қатуынан басталғанын айтты. Ойын-сауық орталығында балам ойнап жатқанда оны бір бала арқасынан ұрып, аяғынан сүйреген. Одан кейін ұлымды басынан ұра бастаған. Спортшының айтуынша, пышақ алып ұмтылғаннан кейін барып ашуға булыққан. “Мен оған келіп, сенің балаң ба ұрған деп сұрадым. Ал ол “иә, не істей аласың?” деді. Мен мұндайды күтпедім. Ол тіпті қолына ілінген затпен ұмтылды. Ол кішкентай баланы қалқан ретінде пайдаланды. Пышақты көріп, оны қолынан алып тастауға тырыстым. Полиция бөлімшесінде оның Қазақстанда заңсыз жүргені мәлім болды. Ол Қырғызстан азаматы екен. Бала өзінікі емес болып шықты. Оқиғадан кейін полиция бөлімшесінде балалардың анасымен бейбіт күйде тарастық. Ал енді бұл оқиғаға үшінші бір тараптың қызығушылығы оянған секілді”, – дейді Бейбіт Шүменов. Айта кетейік, Бейбіт Шүменов – қазақстандық кәсіпқой боксшы. Мансабын 2007 жылы бастаған. 19 жекпе-жек өткізіп, 17-де жеңіске жеткен. 2 кездесуінде қарсыласына есе жіберген. 2017 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған.