Бейрут портындағы жарылыстан Ливанда БҰҰ миссиясы бойынша қызмет етіп жатқан қазақстандық бітімгерлер зардап шекпеді.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости. Ливанда БҰҰ уақытша күшінің миссиясы бойынша Қазақстан қарулы күштерінің төртінші қосынды бітімгерлер ротасының әскери қызметшілері бар екені хабарланған.
Қазақстандық әскерилер үндістандық бітімгер батальонының құрамында аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау тапсырмаларын орындайтынын айта кетейік. Сондай-ақ ол жарылыс салдарын тазарту кезінде қазақстандық әскерилердің қатысуы жоспарда жоқ екенін айтты. Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 78 адам қайтыс болған.