Бекшин алматылықтарға үндеу жасады. Коронавирустың екінші толқынына байланысты авиациялық байланысқа шектеу қойылды. Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері сақтық шараларын сақтауға, қонақ шақырып, жаппай отбасылық іс-шаралар өткізбеуге, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болуға, қоғамдық көліктерге отырмай, шет елдерге ұшудан аулақ болуға кеңес берді. Соңғы мәліметтерге келсек, мегаполисте коронавирус жұқтырғандар саны 14 539-ға жетті. Оның ішінде 14 156 адам дерттен айықса, 275-і қайтыс болды.