Беларусьтегі күштік құрылымдар Минскіден кетті

Беларусьтегі күштік құрылымдар Минскіден кетті. Елдің арнайы жасағы, ішкі әскерлері сайлаудан кейінгі жаппай наразылықты басу үшін қаланың бүкіл орталығын бақылауға алған болатын деп хабарлайды tass.ru. Агенттіктің хабарлауынша, көшелерден қоршаулар алынып, негізгі магистральдар бойынша көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Сәрсенбі күні қала орталығындағы қауіпсіздік күштерінің қоршауына байланысты наразылық акцияcы өзге кварталдарға көшті. Қауіпсіздік күштері жолаушылардан наразылықтың символына айналған ақ білезікті байқаса, дереу ұстаған делінген хабарламада.