Белсенді Әсия Төлесова 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотының төрағасы Тәкен Шәкіров осындай үкім шығарды. Сот Төлесованы кінәлі деп тапты. Енді ол осы уақыт аралығында пробациялық бақылауда болады. Одан бөлек, сот Төлесоваға 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл төлейтінін айтты.
Еске салайық, алматылық белсенді Әсия Төлесова 8 маусымда қамауға алынған. Тергеушілер оны заңсыз наразылық шарасына қатысып, полиция қызметкеріне қарсы күш қолданды деп айыптаған. Бұл факті бойынша “Билік өкіліне тіл тигізу” және “Билік өкіліне қарсы күш қолдану” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.