Білім беру гранттары байқауына өтініш 13 шілдеден бастап қабылданады. Талапкерлер өтінішті еGov арқылы не ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыра алады. Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша талапкерлерден білім беру гранттара құжат қабылдау 13 шілдеде басталады, деп жазды ҚазАқпарат агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрліктің мәліметінше, талапкерлер өтінішін EGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.