Билл Гейтс пен жұбайы Мелинда 27 жылға созылған некеден кейін ажырасуға бел буғанын мәлімдеді

фото:BBC

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі, америкалық кәсіпкер Билл Гейтс пен жұбайы Мелинда 27 жылға созылған некеден кейін ажырасуға бел буғанын мәлімдеді. Бұл туралы олардың Twitter-дегі жазбаларынан белгілі болып отыр. Десе де, олар Билл мен Мелинда Гейтс қайырымдылық қорында бірге жұмыс істей беретінін алға тартты. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар: Билл Гейтстің мүлкі 100 миллиард доллардан асады. Билл және Мелинда Гейтстің қоры 2000 жылы құрылды және 50,7 миллиард доллар активімен АҚШ-тағы ең ірі жеке қор болып саналады. Еске салсақ, бұған дейін Билл Гейтс өзінің пандемияға қатысы бар деген мәліметті жоққа шығарған еді.