23 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 733 адам анықталды, 191 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 9 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Наурыз айынан бері 148 708 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 133 510 адам жазылды. 2 209 адам қайтыс болды. Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. Пневмонияның бұл түріне тамыздың басынан 22 желтоқсанға дейін 44 795 адам шалдыққан, 481-і қайтыс болған.