Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 4 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
29 қазанда 392 адамнан коронавирус инфекциясы табылды және 195 адамға коронавирус белгісі бар пневмония диагнозы қойылды.
Қазір коронавирус инфекциясынан 3 461 адам ем қабылдап жатыр, оның 313-і бала. Стационарларда 2 303 науқас бар, 1 158 адам амбулаториялық жағдайда емделуге шешім қабылдаған.
Оның ішінде 135 адамның жағдайы ауыр, 9 науқастың жағдайы аса ауыр екені хабарланды. 16 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Пандемия басталғалы Қазақстанда 111 492 адам коронавирус жұқтырды, 1 тамыздан бастап 37 574 адам пневмонияға шалдықты.
Коронавирустан 1 844 адам, 1 тамыздан бастап пневмониядан 399 адам қайтыс болды.