Бишімбаев інісінің жаза мерзімін амнистияға байланысты қысқарту туралы өтінішін сот қанағаттандырды. Бақытжан Байжанов 2026 жылы қарашада рақымшылықпен босайды. Ақмола облысы Степногор қалалық соты осылай деп хабарлайды. Байжанов процестің БАҚ-сыз өтуін қалағанымен, судья Акишев бұл өтінішті қанағаттандырмады. Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылы 18 шілдеде аяқталуға тиіс еді. Енді ол мерзім үштен бір бөлікке қысқарады: сегіз ай сегіз күнге. Шешім шығаруға колония әкімшілігінің Байжановқа берген мінездемесі және сот шешімімен тағайындалған өтемақылардың толық өтелуі әсер еткен.