Бишімбаев ісіне қатысты адвокат үкімді өзгертуге негіз болатын заң бұзушылықтарды атады. Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов алқабилердің бірі істі тыңдау кезінде әлеуметтік желіде судьяның рұқсатынсыз сот құрамына кірмейтін адамдармен байланыс орнатқанын және олармен қылмыстық іске қатысу мәселесін ашық талқылағанын айтты. «Бұл № 4 алқаби. Ол өз аккаунтынан алқаби ретінде таңдалғаны туралы пікір қалдырған және іріктеудің әділ және ашық өткенін айтқан. Бұл пікірдің астында бірнеше желі қолданушы оған қысым жасай бастаған. Сондай-ақ, алқаби мәскеулік сарапшылардың қорытындысын сынаған сарапшы Тахир Халимназаровтың аккаунтына жазылған», – деді Е.Ғазымжанов. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада экс-министр мен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы қаралып жатыр.