Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы маусымның 26-сы қаралады. Судья бұл істі қарауды сағат 10.00-ге белгіледі. Сот отырысы Астана қалалық сотының ғимаратында өтеді. Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 13-і Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-министрге екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру; сонымен қатар қинау. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.