Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтан мерзімінен бұрын босату туралы ешқандай өтінішхат түспеген. “Мерзім Қазақстан заңнамасына сәйкес белгіленеді. Мерзімінен бұрын босату тек сот шешімімен анықталады. Ол үшін өтінішхат беріледі, ол қаралып, сотқа жолданады”, – деді министр ішкі істер министрі Ержан Сәденов. Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Абзал Құспан Бақытжан Байжанов Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылыққа ілігуі мүмкін екенін айтқан еді.