Халықаралық ынтымақтастық департаменің бастығы Олжас Құсайынов осылай деді. «Рота Голан биіктеріндегі миссияға жіберіледі. Ротаның саны – 139 адам. Заңнамаға сәйкес қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына 60 айлық жалақы көлемінде қаражат беріледі. Сонымен қатар БҰҰ 77 мың доллар төлейді. Мүгедектікке немесе басқа да жарақат алуына байланысты, тиісті комиссия құрылып, көмек көлемін айқындайды», – деді Олжас Құсайынов.