Биыл 23 қаңтар мен 26 наурыз аралығында 69 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды. Ішкі істер министрлігі ұсынған ақпарат осындай. Оның ішінде темір тұлпарлардың 67 проценті Ресей Федерациясынан, 19 проценті Армениядан, шамамен 10 проценті Қырғызстаннан және 2 проценті Грузиядан әкелінген. Көлік құралдарының сәйкестігін алдын ала тексеру процесі толық автоматтандырылған. Қылмыстық есеп, кедендік база және басқа да ақпараттық жүйелер қарастырылған.