Биыл әлемде қызмет бабында 54 журналист опат болды. Қайғылы оқиғалардың көбі әскери іс-қимылдар жүріп жатқан елдерде болған. Қазір бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері үшін ең қауіпті аймақ – Газа секторы. Тиісті деректер «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымының баяндамасында келтірілген. Бұдан бөлек, 550 журналист қамауда отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда біршама көп. БАҚ өкілдерінің көбі Қытай, Мьянма, Израиль мен Беларусь түрмелерінде жазасын өтеп жатыр.