Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасының жобасы әзірленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі үкімет қаулысының жобасын “Ашық НҚА” порталында жариялады. “Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Тұжырымдаманың қабылдануы мерекенің мазмұнын байыта түседі”, – дейді жобаны әзірлеушілер. Жобада Наурыз мейрамын тойлауға қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында, 10 күн өткізілетіні айтылған. Жобада 22 наурыз күні сағат 12.00-де мемлекет басшысының құттықтау сөз сөйлейтіні де жазылған. Президенттің құттықтауы телеарна, интернет арқылы таралып және оны барлық халық тыңдауы үшін Наурызды мерекелеуге арналған алаңдарда LED экрандар қойылмақ.