Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде айтылды. Сәйкесінше, биылғы пітір садақаның мөлшері бекітілді. Мүфтияттың мәліметінше, оның мөлшері 500 теңгеге тең. Наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір садақаның мөлшері республика бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасын есепке ала отырып, бекітілетінін айтты. Ал ұнның бағасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған. Айта кетейік, Рамазан айы 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болады. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.