Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі

Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі. Биыл 10 576 орынға шақталған 27 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған. Бұл туралы колледж бен жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханамен қамту мәселесі қаралған кеңесте ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Олардың 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне салынуға тиіс.