Биыл жалған жеке кәсіпкерлік арқылы декреттік төлем алғысы келген 113 қазақстандыққа қатысты іс қозғалды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 2024 жылы жүкті әйелдер жаппай бірнеше жұмыс берушіге жүгінгендерін мәлімдеді. Олар қомақты жәрдемақы алу үшін өздерінің ресми табыстарын бірден көбейтіп көрсетуге көшкен. Бір ғана кәсіпкер 30 жүкті әйелдің құжаттарын ұсынған. Осылайша, әйелдер бір млн теңге көлемінде табыстары бар екендігін көрсетіп, 4,5 млн теңге төлем алған. Ал 1500 әйел төлемақыны тағайындау барысында табыстарын әдейі жоғары көрсеткендерін мойындаған. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, олар мемлекетке ақшаны әлі қайтармаған. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.