Биылдан бастап жекеменшік мектептің оқушылары тегін тамақтанады
Биылдан бастап жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. Ол үшін бюджеттен 12 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету биылғы жылдан басталады. 30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Нәтижесінде 25 мыңнан астам бала мектепте тегін ыстық тамақ ішеді. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.