Мәжіліс депутаты, “Ақ жол” фракциясының мүшесі Қазыбек Иса отыз жыл бойы қайта-қайта сайланған президент туралы айтып, президентті жеті жылға және тек бір мерзімге сайлау туралы норманы қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Осы біз президенттікке қайта-қайта сайланудан аузымыз күйген ел емеспіз бе? Отыз жылда екінші президентке зорға жеткен жоқпыз ба. Өзіміз президентті көре алмай кетеміз бе деп едік, Құдайға шүкір екінші президентті де көрдік. Осы жаңа норманы қазір енгізсе, бұдан кейін отыз жылдан кейін емес, жеті жылдан кейін үшінші президентті көретін боламыз”, – деді Иса парламент палаталарының бірлескен отырысында.