Бюрабекова коронавирус белгілері анықталғанда азаматтарды өз бетінше емделмеуге үндеді. Денсаулық сақтау вице-министрі бактерияға қарсы препараттар вирусты инфекцияны емдеуге қолданылмайтынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Бекітілген ем-дом хаттамасына сәйкес, бактерияға қарсы препараттар стационарлардағы науқастарға ғана беріледі. Ондай дәрілік заттар бактериалды инфекция анықталып, пневмония расталғанда ғана қолданылады деді Людмила Бюрабекова.