Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерлері тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, ерлер арасындағы ұлттық құраманы енді Қайрат Сәтжанов басқарды. Бұған дейін бұл қызметті Ғалымбек Кенжебаев атқарды. Жаңа бапкер Сәтжановтың бапкерлік өтілі – 31 жыл. 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның боксшылары “Азия балалары” халықаралық ойындарының медалін екі рет жеңіп алды, әлем чемпионаттарында екі рет үздік үштікке енді. Сондай-ақ Азия чемпионатында екі рет жеңіске жетті.