Құжаттарды жетекші шетелдік ЖОО-ларға еліміздегі магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша тапсырады. Өтінімдер осы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. Тағылымдамадан өту үшін құжаттар қабылдау 5 қыркүйекте басталады. «Болашақ» Халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу толығымен автоматтандырылған және онлайн режимінде өтеді. Ол 3 кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу және Кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау. Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін 2 негізгі құжатты ғана ұсынуы керек. Біріншіден, шетелдік университеттен шақыру, сондай-ақ нәтижесі B1 деңгейінен кем емес мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат болуы қажет. Конкурстық іріктеуге кез кезлген қазақстандық қатыса алады, жас шектеулері жоқ.