ҰБТ-дағы жанжал: Қабатовтың қызы қалай “Алтын белгі” алғаны тексерілді

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы бұған дейін ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру кезінде алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты оқиғаға түсініктеме берді.
Бұған дейін қазақстандық заңгер Абзал Құспан өзіне белгілі ақпарат көзіне сілтеме жасап, ҰБТ кезінде Қабатов қызының орнына тесті университет студенті тапсырғанын хабарлады. Соған байланысты жағдай талқыланып жатыр. Осы әңгіме шыққаннан бастап әлеуметтік желі қолданушылары әзілкештің қызы бітірген мектеп пен “Алтын белгіні” қалай алғанын тексеруді сұрады.
“Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы барлық “Алтын белгі” иегерін білімге құштарлығы мен мақсатқа жетудегі табандылығы үшін ризашылығын білдіріп, оқушы Аманғали А.Т. мектептерде оқу кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін және шынымен де жылдық қорытынды бағалау нәтижелері бойынша “Алтын белгі” иегері екенін хабарлайды”, – делінген Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының ақпаратында.
Басқарма мәліметіне сәйкес, тексеру барысында “Алтын белгі” беру кезінде заңбұзушылық болмаған, құжаттар белгіленген талапқа сәйкес келеді.