Чехияда “Азия авто – Бипэк авто” басшыларының бірі ұсталды

Бұл туралы криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов мәлімдеді. “Прагада ҚР ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша “Азия Авто – Бипек Авто” компаниялар тобы жетекшілерінің бірі, Шығыс Қазақстан облысында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген А. ұсталды”, – деді Нұрсейітов. Қазір іс бойынша барлық айыпталушының қамауда отырғаны, оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқаны хабарланды.