COVID-19 анықталған науқастарға емханада тегін дәрі-дәрмек беріледі. Емделушілер 5 түрлі дәріні тіркелген мекенжайы бойынша тегін алады. Олар – Парацетамол, Ибупрофен, антикоагулянттар, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран препараттары. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық орталығы осылай деп хабарлады. Емханаға қаралғанда мамандар коронавирусқа ұқсастығы бар белгілерге көз жеткізсе, нұсқаулық береді.
Тұтынуға қажетті препараттардың электрондық тізімін жазады. Сәйкесінше, дәріханаға барып, жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіп, қажетті дәріні тегін аласыз. Егер қажет дәрі болмаса, “СК-Фармацияның” 1439 (қоңырау шалу тегін) байланыс орталығына хабарласыңыз! Операторлар қажет дәріні алып беруге жәрдемдеседі.