Елімізде балалар арасында ковид жұқтыру дерегі 5 есе көбейді. Вирустың мутацияға ұшыраған түрлерінен келер қауіп те артты. Инфекциялық дәрігер Динагүл Баешева осылай дейді. Әсіресе, «Дельта» штамы балаларға тез жұғатын көрінеді. Еске салайық, бүгінге дейін республика бойынша 55 мыңнан астам бала ауырған. Короновирус жұқтырған балалардың 85 проценті ауруды жеңіл түрде өткізеді. Маманның айтуынша, бұл індет тек онкологиялық дертке шалдыққан және иммун тапшылығы бар балалар да ауырлау болады.