3841 медицина қызметкерлері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, аурудың салдарынан қайтыс болған 37 медицина қызметкерінің туыстарына төлем жүзеге асырылды.