29 сәуірде Қазақстанда 2853 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл туралы 30 сәуірде таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бейсенбі күні Алматыда 675 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Денсаулық министрлігі адам өлімі мен коронавирус пневмониясына шалдыққандарға қатысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді. 28 сәуірде 33 адам қайтыс болған: 30 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады. 2020 жылдың наурыз айынан бері Қазақстанда 319 818 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3668 адам коронавирустан қайтыс болған.